Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 04 қаулысы

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік  төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару,  сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы

 

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 775-бабының 4-тармағына сәйкесҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтаруқағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

 

Ереже

Қосымша 1

Қосымша 2 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу