Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №79 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Алматы академиясына Мақан Есболатовтың есімін беру туралы


 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі                       ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
    1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне Мақан Есболатовтың  есімі берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы.»;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының                лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


«21)    ІІМ М. Есболатов атындағы  Алматы академиясы    597*** ».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының
                  Премьер-Министрі                                            Б. Сағынтаев


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу