Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қазандағы №746 Қаулысы

«Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі №255 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі  №255 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Мақта талшығының мәміле бағасы қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасынан 10 пайыздан артық ауытқымауы тиіс.

Нарықтық баға мен жол беріледі ауытқу арасындағы айырмашылық мәміле бағасынан төмен немесе оған тең болған ((МБ ≥ НБ – ЖА)) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілген деп танылады. Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырма мәміле бағасынан жоғары болған (МБ < НБ – ЖА) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілмейді деп танылады, мұнда:

МБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының мәміле бағасы;

НБ – сатып алушыға меншік құқығы өткен күндегі мақта талшығының нарықтық бағасы;

ЖА – 10 %-ға тең жол берілетін ауытқу.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі  А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу