Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 Қаулысы

2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2020 жылғы 1 – 30 қазан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.

2. Қоса беріліп отырған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Жоспар
іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:

1) есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін;

2) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу