16 Қаңтар 2020, 12:35
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 6-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
3. |
|
Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы |
|
|
1) |
Жұмыстың күрделілігі мен жоғары қауырттылығы үшін: |
|
|
|
|
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда): басқарушы персоналға; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда); әлеуметтік қызметкерлерге; санитарларға |
|
ЛА-дан 30 % ЛА-дан 35 %
ЛА-дан 40 % ЛА-дан 40 % |
|
|
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерінде (палаталарында): тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы мейіргерлерге, санитарларға |
|
ЛА-дан 60 % |
|
|
Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарындағы қызметкерлерге: басқарушы персоналға; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда); әлеуметтік қызметкерлерге; санитарларға |
|
ЛА-дан 15 % ЛА-дан 20 %
ЛА-дан 35 % ЛА-дан 20 % |
|
»;
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«
7) |
Республикалық ұйымдарда: басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне: театрларда, концерттік ұйымдарда: шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды тікелей іске асыруға байланысты жұмыстар үшін; музейлерде (көркем галереяларда (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында); тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін; кітапханаларда, кітап палатасында: кітап қорының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халыққа тікелей қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы; мемлекеттік архивтерде: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін |
|
ЛА-дан |
|
8) |
Жергілікті атқарушы органның ұйымдарында: басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне: театрларда, концерттік ұйымдарда, цирктерде: шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды тікелей жүзеге асыруға байланысты жұмыстар үшін; музейлерде (көркем галереяларда (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда (мәдени-тарихи орталықтар, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында), қалпына келтіру орталықтарында және т. б.): тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін; кітапханаларда: кітап қорының халыққа мәдени-демалыс ұйымдарында: (клубтарда, мәдениет және демалыс парктерінде, мәдениет үйлері мен сарайларда, халық шығармашылығы орталықтарында (үйлерінде), және т.б.): халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тікелей қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін; кинематографиялық ұйымдарда: фильмді прокаттау және көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және тікелей қызмет көрсетуге байланысты халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үшін; мемлекеттік архивтерде: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді тікелей қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін |
|
ЛА-дан |
|
».
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу