Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №944 Қаулысы

«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж. № 72-73-74, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінде реттік нөмірлері 1, 5, 7, 9, 22, 25, 29, 31, 33, 35, 39, 44, 49 және 52-жолдар алып тасталсын;

акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінде реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 12, 15, 17, 20, 21, 24, 28, 30, 34, 35, 36, 40, 51, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 66, 68, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 81, 82, 83, 87, 89, 90, 91, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 111, 112, 125, 135, 136, 137, 145, 151, 153, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 165, 166, 167, 171, 209, 215, 228, 229, 230, 231, 240, 245, 252, 255, 261, 263, 264, 266, 268 және 269-жолдар алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                           А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу