Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысы

«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және профилактикалық екпелерді жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.»;

15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Медицина қызметкері барлық жүргізілген екпелерді есепке алуға тиіс және ол мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс: препарат енгізілген күн, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге реакцияның сипаты, шығарушы ел.

 16. Профилактикалық екпелер туралы мәліметтер медициналық ақпараттық жүйеге және «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес есепке алу нысандарына енгізіледі.

17. Вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізуге реакциялар мен иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің барлық жағдайлары медициналық құжаттардың есепке алу нысандарында тіркеледі.»;

қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу