Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы №859 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 28 Қараша 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 және «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж.,
№ 7, 67-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

 «4. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша «өте жақсы», «жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады.

Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейін төленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы                                  № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде білім алушыларға стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан төленеді.

5. Бірінші академиялық кезеңге мемлекеттік стипендия мемлекеттік тапсырыс бойынша бірінші курсқа (бірінші оқу жылына) қабылданған барлық студенттерге, магистранттарға тағайындалады және 1 қыркүйектен бастап бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ай сайын төленеді. 

Келесі академиялық кезеңдерде мемлекеттік стипендия студенттерге, интерндерге, магистранттарға осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес алдыңғы академиялық кезеңдегі аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тағайындалады және төленеді.»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жазғы аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңі үшін екі айға (шілде, тамыз) бірге төленеді.

8. Аралық аттестаттауды (емтихан сессиясын)  академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, дүлей апаттар, академиялық немесе кредиттік ұтқырлық бойынша оқу) тапсыра алмаған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға білім беру ұйымының басшылығы білім алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін аралық аттестаттау (емтихан сессиясын) тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.

Тапсырылған аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша білім алушылардың осы санатына мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.

Академиялық демалыстан оралған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу оқу жоспарларындағы академиялық айырма жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия олар оралған сәтінен бастап осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

Тиісті медициналық қорытындысы болса, мемлекеттік стипендия туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға алдыңғы семестрдің қорытындысына қарамастан еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін тағайындалады және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он айдан аспайды.»;

20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Көру және есту қабілеттері бойынша мүгедектердің, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балалардың, сондай-ақ аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттардың («Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарды қоспағанда) ұлғайтылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толықтай мемлекет қамтамасыз ететін студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия тиісінше студенттер мен магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшерлеріне «Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері» деген қосымша:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:

«

5.

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге

30

»;

  1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы  № 320 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат):

5-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«7) «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;

8) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы  № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде білім алушыларға;»;.

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары ата-анасының немесе өзге  заңды өкiлдерiнің еркін нысандағы жазбаша өтініші мен мынадай растайтын құжаттардың бірі болған кезде жүзеге асырады:

1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер);

6) 5-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстарының сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.

Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы  18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4 және 5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды білім беру ұйымына ұсыну арқылы расталуы тиіс.».

көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшерінде, көздеріне және түрлерінде:

1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер үшін тамақтану нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.».

әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне 5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан білім алушылар мен студенттерді және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тамақтандыру нормалары»;

әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне 5-қосымшада:

ескертпеде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға ыстық тамақ болмаған кезде, сондай-ақ бір-екі рет тамақтандырылған кезде білім алушыларға тамақтың орнына алынған ыстық тамақтың өтелмеген құнының мөлшерінде (саудалық үстеме бағасы ескеріле отырып) толық немесе ішінара ақшалай өтемақы төленеді.»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Жоғары білім беру ұйымдарында және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша білім алатын студенттерді тамақтандыру шығыстарын төлеу жеке тұлғаларға олардың сомаларын банкте ашылған ағымдағы шотқа аудару арқылы ақшалай баламада жүзеге асырылады.».

2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының жиырма төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                             А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.