Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №945 Қаулысы

Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Орал қаласының білім беру бөлімінің № 44 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Болдырев негізгі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Үштөбе негізгі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Горячкин негізгі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Мойылды негізгі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Каленый бастауыш жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі              – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Ақбұлақ бастауыш жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Харькин орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Казталов ауданы білім беру бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Казталов ауданы білім беру бөлімінің Жаңатаң жалпы білім беретін негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Никонор бастауыш жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданы білім беру бөлімінің Қособа жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Григорьев жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Кеңтүбек жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Киров мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Батыс            Қазақстан облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің Қарағанды мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Тихонов мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Қарақұдық мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу