Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №839 Қаулысы

Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы


«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. «Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің ішкі су жолдарымен қатынау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 177 Қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008ж., № 9, 100-құжат) күші жойлған деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                К. МӘСІМОВ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу