Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы №622 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 және «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы  17 қарашадағы № 757 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 882-құжат);

2) «Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1212 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 757 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 371-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                                               А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу