Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы №1333 Қаулысы

Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы

 «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілсін.
2. «Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 256 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 315-құжат).
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Тізбе

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу