Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «23» мамырдағы № 298 қаулысы

Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет- ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкесҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу