27 Қыркүйек 2021, 12:07
«Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы №74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерінде:
1-бөлімнің реттік нөмірі 2-жолы алып тасталсын;
6-бөлімнің реттік нөмірі 13-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Бала тууды мемлекеттік тіркеу және тиiстi куәлік беру»;
6-бөлімнің реттік нөмірі 17-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде тиісті куәліктер беру, сондай-ақ қажетті материалдарды ресімдеу».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу