Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «23» желтоқсандағы № 842 қаулысы

Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

  1. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №  264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тәкей Есетовтің есімі;
  2. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің мемлекеттік жалпы білім беру
    № 15 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мырзабек Дүйсеновтің есімі;
  3. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 101 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әли Мүсілімовтің есімі;
  4. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 112 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нағима Ахмадееваның есімі;
  5. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейі мемлекеттік жалпы білім беру мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне                  Серғали Толыбековтің есімі;
  6. «Жаңақорған аудандық білім бөлімінің № 168 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Исатай Әбдікәрімовтің есімі;
  7. «Сырдария аудандық білім бөлімінің № 131 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талғат Қозыбаевтың есімі;
  8. «Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қонысбек Қазантаевтың есімі;
  9. «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жыраулар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Көшеней Рүстембековтің есімі;
  10. «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қармақшы аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Шәмшат Төлепованың есімі;
  11. «Дауылкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Тұрмағамбет ауылының клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қуандық Бүрлібаевтың есімі;
  12. «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Смағұл Ысқақовтың есімі;
  13. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 140 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абылай ханның есімі;
  14. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 269 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жанқожа батырдың;
  15. «Арал аудандық білім бөлімінің № 227 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Аманқос Мұстафаевтың есімі;
  16. «Қазалы аудандық балалар әуез мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қорқыт атаның есімі;
  17. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 235 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Көмекбай Қаракөзовтің есімі;
  18. «Шиелі аудандық білім бөлімінің № 228 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәймерден Бәкіровтің есімі;
  19. «Жалағаш аудандық білім бөлімінің № 202 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зейнолла Жарқынбаевтың есімі;
  20. «Шиелі аудандық білім бөлімінің № 270 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ғафур Мұхамеджановтың есімі;
  21. «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Бұдабай Қабылұлының есімі;
  22. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 261 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Серәлі Лапиннің есімі;
  23. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 197 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбу Құдабаевтың есімі;
  24. «Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 198 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жанәбіл Нұрмановтың есімі;
  25. «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұстахым Ықсановтың есімі;
  26. «Қызылорда облысының білім басқармасының Дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Еркін Әуелбековтің есімі;
  27. «Жаңақорған аудандық білім бөлімінің № 86 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Әділовтің есімі;
  28. «Шиелі аудандық білім бөлімінің № 40 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алма Қыраубаеваның есімі;
  29. «Арал аудандық білім бөлімінің № 62 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жарасқан Әбдірашевтің есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:

2) «Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының Ақжар ауылының клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   Б.Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу