Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №140 Қаулысы

Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттіккөрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;

3) «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;

4) «Мәдени құндылықтарды  уақытша  әкету құқығына куәлiк  беру»

мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;

5) «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне  ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                           С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу