Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 мамырдағы №316 Қаулысы

«Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы 
№ 1304 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 
687-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бензинді, дизель отынын, мазутты, авиациялық отынды
(МемСТ 10227-86 «Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын. Техникалық шарттар») – «ҚазМұнайГаз - Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу