Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы №428 Қаулысы

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі және Бәйтерек аудандарының шекараларын белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі және Бәйтерек аудандарының шекараларын белгілеу туралы «Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №49 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының №33-8 бірлескен қаулысы мен шешіміне келісім берілсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу