Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы

«Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғасында жеке меншік құқығында, сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 1071 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғасында жеке меншік құқығында, сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 1071 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының және оның үлестес тұлғаларының жеке меншік құқығында болуы мүмкін республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 50-бабының 4-тармағына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының және оның үлестес тұлғаларының жеке меншік құқығында болуы мүмкін республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері бекітілсін»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғасында жеке меншік құқығында, сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының және оның үлестес тұлғаларының жеке меншік құқығында болуы мүмкін республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері»;

«жеке меншік құқығы» деген бағанда:

«шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарында» деген баған  мынадай редакцияда жазылсын:

«шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында»;

«тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларында және оның үлестес тұлғаларында» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында»;        

«уақытша жер пайдалану» деген баған алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі    А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу