Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №968 Қаулысы

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісу бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу