Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №149 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына және 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары, сондай-ақ арнайы қорғау шаралары қолданылған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
  3. «Талқылау объектiлерi болып табылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына сандық шектеулердi қолданбай лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
  4. «Тауарлардың жекелеген түрлерiнің Қазақстан Республикасының аумағына импортына рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
  5. «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
  6. «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
  7. «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 91-құжат):
  8. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 60, 825-құжат);
  9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы
    20 шілдедегі № 745 және «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
    № 1815 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 10,
    195-құжат).
  10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2.  Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті айқындалсын.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу