Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қазандағы №767 Қаулысы

«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы»;

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;»;

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу