04 Қазан 2021, 12:02
Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы және «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы №638 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген биржалық тауарлардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
Мұнай және мұнай өнімдері |
Шикі мұнай |
2709 00 900 |
Жеңіл дистилляттар (бензин) |
2710 12, 2710 12 900, 2710 20 900 0 |
||
Орташа дистилляттар (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) |
2710 19 210 0 |
||
Ауыр дистилляттар (газойлдары) |
2710 19 421 0 – 2710 19 425 0, 2710 19 510 9 |
||
Ауыр дистилляттар (мазут) |
2710 19 620 1 – |
».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу