Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №771 Қаулысы

«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №831 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру болып айқындалсын.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу