Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» ақпандағы № 124 қаулысы

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу»,  «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 104-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу және «Қазақстан-Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттарын бекіту туралы»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы)бекітілсін.»;

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3 

Қосымша 4

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу