29 Маусым 2016, 11:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 43, 571-құжат);
2) «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 450-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу