Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы №449 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 9) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ COVID-19 таралуы бойынша әлемдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шектес мемлекеттерді дипломатиялық арналар арқылы шектеулердің алынуы туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                    Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу