Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы №450 Қаулысы

«Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы №467 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы №467 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                        Ә. Смайылов

 

Ұлттық жоспар

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу