Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №639 Қаулысы

«Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 770-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу