29 Желтоқсан 2016, 13:51
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квотаны белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда пайыздық қатынаста мынадай:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;
2) еңбекші иммигранттарды тартуға 4,2 % мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу