Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы №602 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

        1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар менкөрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013ж., № 16, 278-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар менкөрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

     2) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар менкөрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013ж., № 16,   279-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар менкөрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу