ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020

—  Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері, Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды.

—  Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселесі туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қостанай облысының әкімінің бірінші орынбасары Г. Нұрмұхамбетова баяндады. 

—  Премьер-Министр Асқар Мамин «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізуді, жобаларды іске асыру кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың типтік жобаларын, сондай-ақ отандық өндірушілердің материалдарын пайдалануды тапсырды

— Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов және Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова баяндады. 

— Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңарту және онда тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беруді, сондай-ақ жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын әзірлеп, бекітуді тапсырды.

— Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспары туралы әділет министрі М. Бекетаев баяндады. 

— Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапасына және олардың Үкімет пен Парламентке уақтылы енгізілуіне ерекше назар аударуды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу