«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты — орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.

 

Бағдарламаның міндеттері:

1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру:
2. Көлікті және логистиканы цифрландыру.
3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
4. Электрондық сауданы дамыту.
5. Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
6. Мемлекет – азаматтарға.
7. Мемлекет – бизнеске.
8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
9. "Ақылды" қалалар.
10. Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту.
11. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
12. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.
13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).
14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау.
15. Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту.
16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту.
17. Инновацияға сұраныс қалыптастыру.

 

Іске асыру мерзімдері — 2018-2022 жылдар

 

БАҒДАРЛАМАНЫ ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу