ҚР инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарлама мақсаты — тиімді және бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру, транзитті және көлік қызметтерін дамыту, технологиялық және институционалдық ортаны жетілдіру арқылы экономикалық өсуге және ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу.

 

Міндеттері:

1. Аумақтарды және олардың арасындағы көліктік байланыстарды инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

2. Тиімді транзиттік, экспорттық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту арқылы «Үлкен транзитті» тартуға және экспорттық саясатты іске асыруға жәрдемдесу.

3. Инфрақұрылымды кешеннің технологиялық, ғылыми-әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етілуін арттыру.

4. Көлік инфрақұрылымы субъектілері мен тасымалдаушылардың экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

5. Көлік инфрақұрылымының пайдалану және экологиялық қауіпсіздігін арттыру.

 

БАҒДАРЛАМАНЫ ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу