Премьер-Министрдің бірінші орынбасары

Роман Васильевич Скляр

1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

1989–1990 жылдары «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

1990 жылдан бастап — «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.

1990–1999 жылдары «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды. 

1999–2002 жылдары — «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.

2002–2003 жылдары  — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

2003–2005 жылдары  — Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

2005 жылғы қантардан бастап  — Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 жылғы.сәуірден бастап — Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.  

2006 жылдан бастап  — Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006–2007 жылдары  — Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007–2008 жылдары  — Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008–2010 жылдары —. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010–2011 жылдары  — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011–2013 жылдары —. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014–2016 жылдары  — «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.  

2016 жылы  — Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 жылы  — мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016–2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 5 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

● экономиканы және өңірлік экономиканы жедел басқару;

● көлік инфрақұрылымы және логистика;

● құрылыс және ТКШ жаңғырту;

● электр энергетикасы, атом энергетикасы, ЖЭК, көмір және атом өнеркәсібі;

● өнеркәсіп, инновация, геология, жер қойнауын пайдалану және экспорттық бақылау;

● қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану;

● су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі;

● төтенше жағдайлар және мобилизациялық жұмыстар;

● жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу;

● арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту;

● мұнай-газ секторы және мұнай-химия;

● байланыс, ғарыш қызметі және «Байқоңыр» кешені;

● қорғаныс өнеркәсібі.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу