Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Е. Шорманов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. 

Аллен Шәйжүнісов 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Қазақ қаржы-экономика академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстанкабель» ЖШС-ның Ресей Федерациясы бойынша менеджері болып бастады. 

1999-2003 жж. — «Қазақстандық кабельдік компаниясы» ЖШС-ның Ресей Федерациясындағы өкілдігінің менеджері.

2003-2006 жж. — РФ-дағы ҚР Елшілігінің үшінші хатшысы, атташе.

2006-2008 жж. — Маңғыстау облысы әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары.

Түрлі жылдары «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Хатшылығында, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ында, Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясында, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде, «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ-да, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да басқарушылық қызметтерді атқарды.  

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазірге дейін «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болды.   

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу