Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген. 

2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі. 

2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі.

2005 ж. — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2005-2007 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі. 

2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 

2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 ж. — «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты.

2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу