Жеңіс Өсербай ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, РФ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастаған.

2001-2002 жылдары — жеке ұйымның қаржы талдаушысы.

2004-2006 жылдары — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері.

2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін «К-Агро» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу