Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нариман Нұрланұлы Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нариман Мұқышев 1984 жылы 9 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирель атындағы университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014 жылғы қараша айынан бастап 2018 жылғы маусым айына дейін «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. 2018 жылғы маусым айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу