Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба

Паспорт

1. Паспорт  

1. Атауы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба)

2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты

Еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, АӨК өнімінің экспортын екі есе ұлғайту және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру

3. Іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушылар үшін пайдасы

 

Күтілетін экономикалық әсер (сандық мәнде)

 

ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға еңбек өнімділігін 6,2 млн теңгеге дейін ұлғайту;

өңделген өнім үлесін 70 %-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 6,6 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту;

ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 2019 жылғы 115,4 мың теңгеден 2025 жылы 230,8 мың теңгеге дейін арттыру;

1 млн ауыл халқының табысын ұлғайту;

1 млн ауыл тұрғынының табысын ұлғайта отырып, экожүйелерге 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тарту

Ауыл шаруашылығында 500 мыңға дейін адамды жұмыспен, оның ішінде:

- 100 мың тұрақты жұмыс орнымен,

- 400 мың маусымдық жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

Күтілетін әлеуметтік әсері (сапалық және/немесе сандық мәнде)

 

Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) 80 % деңгейінде қамтамасыз етілу

5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі:

2021                471,9  млрд теңге

2022                414,1 млрд теңге

2023                485,6 млрд теңге

2024                674,8 млрд теңге

2025                656,9 млрд теңге

ЖИЫНЫ        2 703,3 млрд теңге

Бюджеттен тыс қаражат көлемі:

2021                807,6 млрд теңге

2022                1 052,5 млрд теңге

2023                1 028,3 млрд теңге

2024                472,2 млрд теңге

2025                739,4 млрд теңге

ЖИЫНЫ        4 100,0 млрд теңге

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

7. Ұлттық жобаның іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісу бойынша), «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісу бойынша).

8. Ұлттық жобаның жетекшісі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеев

9. Ұлттық жобаның кураторы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Скляр

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу