«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы

1. Паспорт

1. Атауы

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу

2. Ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты

Экономиканы әртараптандыру

3. Іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушылар үшін пайда

 

Күтілетін экономикалық тиімділік (сандық мәнде)

1) жұмыс орындарын құру – 127,8 мың, оның ішінде: тұрақты – 102,8 мың, уақытша – 25 мың;

2) еңбек өнімділігінің 2019 жылғы деңгейге қарағанда 20,6 %-ға өсуі;

3) жеке инвестициялар көлемі 15,5 трлн теңгені құрайды.

4) шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын 41 млрд АҚШ долларға дейін, оның ішінде шикізаттық емес тауарлар экспортын 29,5 млрд АҚШ долларға, қызметтер экспортын 11,5 млрд АҚШ долларына ұлғайту;

5) мұнай-газ химиясы өнімдері экспортының 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғаюы;

6) өңдеу өнеркәсібінде экспортқа бағдарланған өнім өндіру көлемінің 9,1 млрд АҚШ долларына ұлғаюы;

7) салық түсімдерінің (өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды іске қосу есебінен) 417,3 млрд теңгеге дейін ұлғаюы;

8) Өңдеуші өнеркәсіптің ЖҚҚ 15 трлн теңгені құрайды;

9) 2017 жылғы деңгейге қарағанда энергия беруші ұйымдардың – 30 %-ға қысқаруы.

Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер (сапалық және/немесе сандық мәнде)

1) 2019 жылғы деңгейге қарағанда халықтың нақты ақшалай табысының 2019 жылғы бағамен 27,1 %-ға өсуі;

2) өңдеу өнеркәсібіндегі қызметкерлерінің орташа жалақысының 2020 жылғы деңгейге қарағанда 31,5 %-ға өсуі;

3) 2020 жылға қарай электр энергетикасы саласындағы орташа жалақының 50 % - ға өсуі;

4) мұнай-газ химиясы саласы қызметкерлерінің орташа жалақысының 2020 жылғы деңгейге қарағанда 25 %-ға өсуі;

5) әлеуметтік осал тұрмыстық тұтынушыларды электр энергиясына тарифтердің көтерілуінің айырмасын өтеумен қамту 40 %-ды құрайды.

5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

15,9 трлн теңге (оның ішінде республикалық бюджет - 0,4 трлн теңге, бюджеттен   қаражат – 15,5 трлн теңге)

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

8. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы

Жетекші – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі  Ә.А. Ерғалиев

Куратор – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайылов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу