А. Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапары: жаңа өндірістер мен инфрақұрылымдық жобалар

фото: Шүкір Шахай

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Steel Manufacturing» ЖШС ату оқ-дәрлері өндірісінің желісін іске қосты.

Бұл - ату оқ-дәрілері өндірісінің халықаралық стандарттарына сай келетін заманауи, жоғары технологиялы кәсіпорын. 

 

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында Асқар Мамин «Seven Refractories Asia» ЖШС отқа төзімді материалдарды өндіретін зауытты аралады.

Жобаға салынған инвестициялар көлемі 1,7 млрд теңгені құрады, 70 жұмыс орны құрылды.   

Кәсіпорын өнімдерінің негізгі көлемі Ресей мен Қырғызстанға экспортталады, сондай-ақ «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарына жеткізіледі. 

«Qaz Carbon» ЖШС құю зауыттары бірлестігі жыл сайын жалпы көлемі 120 мың тонна болатын 900-ден астам болат және шойын өнімдерін шығарады. 

Зауытта 1200-ден аса адам жұмыс істейді. 

 

Кәсіпорында ферроқорытпалар, агломерат және күлділігі аз, байытылған көмір өндіріледі. 

 

Үкімет басшысы жаңа ферроқорытпа зауытының салыну барысымен және кәсіпорын өнімдерімен танысты. 

«Global City» көтерме-тарату орталығын биыл жазда пайдалануға беру жоспарланған. 

 

Кешеннің жалпы аумағы бірінші кезеңде 60 га құрайды, 2023 жылға қарай 100 га дейін ұлғаяды. 

 

Болашақта көтерме-тарату орталығы 5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Оның негізгі міндеті - «Солтүстік-Оңтүстік» желісі бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімді әрі арзан ағымын қамтамасыз ету. 

Қарағандыда болашақ әкімшілік орталықта жол құрылысы қарқынды жүргізілуде.   

 

Үкімет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан «Қарағанды– Балқаш» автожолының реконструкциясы барысымен танысты.  

 

 Қайта жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелердің жалпы ұзындығы 363 шақырымды құрайды.

Биыл жол бойының барлығында жол қозғалысын ашуды қамтамасыз ету жоспарланған. 

Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған. 

 

Асқар Мамин «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытын аралап, онда өндіріс процесімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен танысты. 

Қолдану кезінде персоналдың жұмысын барынша азайтатын жаңа жабдықтар енгізілуде.   

 

Кәсіпорынды жаңғыртудың негізгі бағыты - экологиялық ахуалды жақсарту. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу