Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапары

фото: Нариман Мурзабаев

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Свободное» ЖШС алқабында көктемгі-егіс жұмыстарымен танысты

Егіс жұмыстарына шамамен 32 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тартылды — 14 мыңнан астам трактор, 16 мың тұқым сепкіш, 1250 егіс кешені

Максимовка ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйлер

«Свободное» ЖШС басшысы қызметкерлердің отбасы үшін 10 тұрғын үйді тегін салып берді

Үкімет басшысы Сандықтау ауданының алқаптарындағы егіс жұмыстарымен және жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасымен танысты

Биыл Ақмола облысында жаздық егіс алаңы 4,9 млн га құрайды

Ақкөл ауданы Еңбек ауылындағы «Еңбек» ЖШС сүт-тауар фермасы

«Еңбек» ЖШС қызметінің негізгі түрі — ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп-өндіру, ет-сүт бағытындағы ІҚМ өсіру

«Еңбек» ЖШС шаруашылығында бір жарым мыңға жуық бас ірі қара мал және 162 бас жылқы бар

Максимовка орта мектебі 288 орынға шақталған

Жөндеу жұмыстары соңғы рет 2018 жылы 79 млн теңгеге жүргізілген

Сондай-ақ Үкімет басшысы дәнді және жем-шөп дақылдарын өсіру және тазалау бойынша егіс жұмыстарымен танысты

2018 жылы жеке инвестициялар есебінен «Свободное» ЖШС Максимовка ауылының тұрғындары үшін жабық хоккей кортын салды

Жабық хоккей корты 116 орынға арналған

Балкашино ауылындағы аудандық аурухана, онда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Ауыл ‒ ел бесігі» жобасы аясында жалпы облыста шамамен 2 мың жұмыс орны құрылатын 35 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу