Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

Фото: Шүкір Шахай

Қызылжар ауданының Чапаево ауылында Премьер-Министр «Қызылжар Сүт» ЖШС-нің жаңа цифрландырылған сүт-тауар фермасында болды.

Ферманың қуаттылығы – жылына 3,6 мың тонна сүт.

Петропавл қаласында Үкімет басшысы А. Мамин «Qyzyljar» АЭА аумағында электр техникалық өнімін өндіретін жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты.

Жоба құны – 10 млрд тг. Кәсіпорынның қуаттылығы 300 жаңа жұмыс орнын құрумен жылына 13 мың трансформаторды құрайды.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Петропавл қаласының «Шығыс» шағын ауданында JCI халықаралық стандарттары бойынша 510 төсек орнына арналған көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысын тексерді.

Жобаны 2022 жылдың соңына қарай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асырады.

Премьер-Министр «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС ламинатталған фанера өндіретін зауыттың жұмысымен танысты.

Кәсіпорында жылына қайыңнан 27 мың м³ ламинатталған фанера шығару жоспарланып отыр. Фанера негізінен құрылыста және жиһаз жасауда қолданылады.

Артылып қалған бір грамм ағаш та қоқысқа кетпейді. Қалдықтар электр энергиясын өндіруге бағытталады. Қазақстанда мұндай кәсіпорынның баламасы жоқ.

А. Мамин «Петропавл ауыр машина жасау зауытына» барды, оның аумағында тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған термос вагондарды құрастыратын жаңа өндіріс орны ашылған.

Жобалық қуаттылығы – 200 адамды жұмыспен қамти отырып, жылына 1200 вагон.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге арналған перспективалары жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу