Павлодар облысында 25 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім ала алады
Павлодарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті. Жиынға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.