«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы

Паспорт

1. Паспорт  

1. Атауы

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы

2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты

Қазақстаның цифрлық трансформация есебінен тиімді мемлекеттік басқаруы бар, сенімді деректер негізінде шешім қабылдайтын, сондай-ақ цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыратын заманға сай елге айналуы

3. Іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы

 

Күтілетін экономикалық тиімділік (сапалық және сандық мәнде)

Криптоиндустриядан жыл сайын 79 млрд теңге салық;

АКТ саласындағы ЖІӨ үлесін 5%-ға дейін ұлғайту;

ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке қоса қаржыландыру үлесі – 50%

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде)

Мемлекеттік қызметтер смартфонда 5 минут ішінде көрсетіледі;

Кепілдендірілген жылдамдықтағы интернет (қалалар – 10мб/сек, ауылдар – 5 мб/сек);

100 000 жаңа жұмыс орнын құру;

Ғалымдар мен зерттеушілер санын 34 мың адамға дейін ұлғайту.

5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

2 255 890 323 мың теңге

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» әкімшілігі» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақтелеком» АҚ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазсушар» РМК, «Транстелеком» АҚ.

8. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы

Жетекшісі – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Мусин.

Кураторы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин.

Қосымша

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу