Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ

Сейсенбі, 26 Мамыр 2020, 11:04:31

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен энергетика министрі Нұрлан Ноғаев көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу барысы және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынын жеткізу туралы баяндады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алаңға егу жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың га көп.

 

2020 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымы

С. Омаров атап өткендей, импортты алмастыру үшін және жоғары рентабельді дақылдар пайдасына егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылады.

Осылайша, осы жылы майлы дақылдардың алаңы 122,2 мың гектарға, көкөніс дақылдарының – 10 мың гектарға, бақша дақылдарының – 1,5 мың гектарға, картоп – 7,8 мың гектарға, азықтық дақылдардың – 308,6 мың гектарға, қант қызылшасының алаңы 2,4 мың гектарға ұлғаяды.

«Бұл ішкі нарықты өніммен қамтамасыз етуге және өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат көлемін арттыруға мүмкіндік береді», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

 

Көктемгі егін жұмыстарының барысы

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдары республиканың барлық аймақтарында егіліп жатыр. Атап айтқанда, дәнді және дәнді–бұршақты дақылдар 9,6 млн гектарға немесе жоспарланған алаңның 65%-ына, майлы дақылдар 2,3 млн гектарға (76%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 400 мың гектарға (85%), қант қызылшасы 20,5 мың гектарға (93%), мақта – 118 мың гектарға (100%), көпжылдық шөптер 352 мың гектарға (100%) егілді. 

Бұл ретте, оңтүстік өңірдегі облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазгидрометтің болжамына сәйкес мамырдың үшінші онкүндігі жаңбырлы болады деп күтілуде, әсіресе бұл Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты.

«Осыған байланысты себуді оңтайлы мерзімде аяқтау үшін әрбір жаймашуақ күнді барынша жемісті пайдалану, тұрып қалуды болдырмау және мүмкін болған жағдайда, агрегаттардың екі ауысымдық жұмысын ұйымдастыру арқылы өнімділікті арттыру шараларын қабылдау қажет», — деді С. Омаров.

 

Тұқыммен қамтамасыз ету 

2020 жылдың астығына республика бойынша егіс науқанын жүргізу үшін 2,5 млн тонна тұқым дайындалды, бұл тұқымдық материалға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні барлық тұқымдар тексерілді, олар 100% кондицияға сәйкес келеді.

Жоғары репродукциялы тұқымдар 99% құрайды, оның ішінде 1-2 санатты егіс стандартына 1,2 млн тонна кондициялық тұқым, 3-санатына 400 мың тонна сәйкес келеді. Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына осы бағыттағы жұмысты күшейту керек.

 

Минералды тыңайтқыштармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз ету

С. Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатуға әсер ететін факторлардың бірі — минералды тыңайтқыштарды ғылыми ұсыныстарға сәйкес енгізу. Бірақ, өкінішке орай, бүгінде 2,5 млн тонна қажеттілік кезінде республикада шамамен 500 мың тонна минералдық тыңайтқыштар салынды.

«Тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту мақсатында 2020 жылы 26,2 млрд теңге сомасында субсидия қарастырылған, бұл ретте осы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 23,3 млрд теңгеге қоса 2,8 млрд теңге қосымша қаражат бөлінді, бұл шамамен 522 мың тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 мың тоннаға артық», — деді С. Омаров.

26 мамырдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 395 мың тонна тыңайтқыш (жоспардың 76%-ы) жеткізілді, өңірлердегі сақтау қоймаларында қосымша шамамен 31,8 мың тонна тыңайтқыш бар. Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Тыңайтқыштарды енгізудің жоспарға сай серпіні Қызылорда облысында байқалады, онда енгізілетін минералды тыңайтқыштардың көлемі ғылыми негізделген норманың 93%-ын, Солтүстік Қазақстанда 36%-ды және Түркістан облысында 27% құрайды.

«Басқа облыстарда тыңайтқыш қолданудың төмен деңгейі байқалады, осыған байланысты барлық облыс әкімдіктеріне осы жағдайға ерекше көңіл бөлуді және жоғары өнім алу үшін тыңайтқыштарды сатып алу көлемін арттыруды ұсынамыз», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

2018 жылы тыңайтқыштарға субсидия алу үшін агрохимиялық картограммалардың болуы туралы талап енгізілген болатын. Шаруалар тарапынан білдірілген көптеген өтініштер есепке алынып, бұл талап 2021 жылға дейін кейінге қалдырылды. 

«Біз шаруалардың дайындалуы үшін және топырақтың нақты агрохимиялық жай-күйін ескере отырып тыңайтқыштар қажет болған жерде ғана енгізілуі үшін уақыт (2 жыл) бердік», — деді С. Омаров.

Осы уақыт ішінде топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу бойынша қызмет көрсететін, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтары бар жаңа аккредиттелген зертханалар ашылды. 

С. Омаров зерттеу жүргізу үшін уақыттың жеткілікті болғанын, осыған байланысты облыстардың әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында 2021 жылы және одан кейінгі жылдары субсидия алу үшін топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау қажеттігі туралы тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет екенін атап өтті.

Жергілікті облыстар бюджеттерінде пестицидтерді субсидиялауға 2020 жылға 37 млрд теңге көзделген, бұл шамамен 16,6 млн литр пестицидті субсидиялауға мүмкіндік береді.

Алғашқы рет гербицидтер ғана емес, сонымен қатар фунгицидтер мен инсектицидтер де субсидияланатын болады. Жалпы бұл егістіктің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету

Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ақпан-маусым айлары мезгіліне 395 мың тонна дизель отыны бөлінді.

26 мамырдағы жағдай бойынша бекітілген Кестеге сәйкес 314 мың тонна немесе барлық көлемнің 80%-ын жеткізу бойынша шарттар жасалды, оның ішінде өңірлерге 259 мың тонна (65%) тиеп-жөнелтілді. 

 

Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы

Ауыл шаруашылығы құралымдарында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының қажетті саны бар.

Жыл сайын машина-трактор паркін жаңарту бойынша және егіс техникасының заманауи түрлерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Министрлік облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, карантиндік режимнің қолданылу уақытында сервистік қызметтердің, сондай-ақ жөндеу бригадаларының кедергісіз қозғалуына қатысты барлық мәселелерді пысықтаған.

 

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бюджеттік несие бөлінді. Қаражат республиканың 2,4 мың ауыл шаруашылығы өндірушісіне беріліп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бағытталды. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бөлінді.

26 мамырдағы жағдай бойынша 19,1 млрд теңгеге 331 өтінім қабылданды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру жұмыстары басталды. 

24,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, оған бидай, арпа, майлы дақылдар және қарақұмық сияқты дақылдар сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта 21,5 млрд теңгеге өтінім қабылданды.

Қамтамасыз ету ретінде екінші деңгейдегі банктердің де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың да кепілдіктері қабылданады. Бұл фермерлердің өтімді кепілдерінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін қолда бар барлық ресурстар мен құралдар пайдаланылуда, бұл көзделген жұмыстарды оңтайлы аграрлық мерзімде аяқтауға алғышарттар туғызады», — деді С. Омаров сөзін түйіндеп.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз кезегінде Мемлекет басшысының көктемгі егіс жұмыстарын арзандатылған бағамен дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Облыстарды МӨЗ-ге 2020 жылғы дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша бекіту кестесі» бекітілгенін атап өтті. Бүгінде жоспардың 63%-ы немесе 245 мың тонна өңірлерге төмен бағамен жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бүгінгі күні литрі 165 теңгеден дизель отынын сатып алуда.

«Қосымша 62 мың тоннаға ұсыныс түсті. Біз оны қабылдадық. Қосымша 20 мың тонна жөнелтілді. Қалған жеткізілімдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Біздің тарапымыздан ешқандай кедергі жоқ», — деді Н. Ноғаев.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ауылдық жерлерде коммерциялық емес кооперативтер құру жобасының нәтижелері туралы айтып берді. Жобаның мақсаты — кооперация есебінен жеке қосалқы шаруашылықтардың табысын арттыру.

«Бұл – шағын жоба. Өткен жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы Ақкөл ауданында іске асырыла бастады. Алғашқы нәтижелер бар. Атап айтқанда, бордақыланған өгізшелерден түскен түсім аулалық бордақылауға қарағанда 35-40%-ға жоғары болды. Жоба шағын болғанымен, едәуір жұмыс жүргізілді. Жоба айтарлықтай нәтижелі болды», — деп А. Есімов, ауыл шаруашылығы министрі мен Ақмола облысының әкіміне осы жобаны одан әрі дамыту үшін назарға алу туралы айтты.


Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр жалпы егіс науқаны оңтайлы жылдамдықпен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тұқыммен, техникамен, отынмен қамтамасыз ету проблемасы жоқ. Карантин кезеңінде фермерлердің сервистік серіктестігі және жабдықтардың тасымалдану мәселелері шұғыл түрде шешілді. Р. Скляр әкімдерге дизель отынын уақытында жеткізуді ғана емес, оның сапасының жақсы болуын да қатаң бақылауда ұстау қажет екенін атап өтті.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды
23 Маусым 2020, 10:11
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
23 Маусым 2020, 10:08
Б. Атамқұлов жылыту маусымы туралы: денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді
23 Маусым 2020, 09:57
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде 8 энергоблокты, 59 қазандықты, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған — Энергетика министрлігі
23 Маусым 2020, 09:34
2019 жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.