Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды

Сейсенбі, 26 Қазан 2021, 09:55:27

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады.

Қазақстанда халықты жұмыспен қамту бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кешені қабылданды. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды. Биылғы жылдың соңына дейін қосымша 200 мың адамды қамту көзделген.

Үкімет басшысы белгіленген жоспарлар орындалатынын атап өтті. Сонымен қатар бүгінгі таңда экономиканың барлық салаларының қызметі қалпына келтіріліп жатыр.

«Бұл шаралар жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге және оны 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Маңызды мәселе – тұрақты жұмыс орындарын құру, биыл кемінде 440 мың жұмыс орны құрылуы тиіс», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Атырау (бос орындарға жұмысқа орналасқандардың үлесі – 68%), Қарағанды (66%) және Қостанай (66%) облыстарындағы тұрақты жұмыс орындарын құрудың оң тәжірибесін атап өтті.

Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылдық жоспардың орындалуының төмен деңгейі Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында байқалады. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жобаларды іске асырудың төмен деңгейі Шымкент қаласында, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарында байқалады.

Үкімет басшысы артта қалған өңірлерге «Еңбек» бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жоспарларды орындау жұмысын жандандыруды тапсырды.

Еңбек министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету үшін кадр қажеттілігін анықтау мәселесін өзектендіру тапсырылды.

А. Мамин реттеу тетігін жедел әзірлеу және экономикалық белсенділікке жұмыспен қамтудың жаңа формаларын тарту қажет екенін атап өтті.

Еңбек министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен, кәсіподақтармен, сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеп, талқылауды тездету тапсырмасы берілді.

«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру Кәсіпкерлік жөніндегі ұлттық жоба аясында жалғастырылады.

Жұмыс істеп тұрған Кәсіпкерлік жөніндегі жобалық офис жұмысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың төрағалығымен жұмыспен қамту бағыты құрылады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.