Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ

Сейсенбі, 27 Қазан 2020, 12:36:32

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері қаралды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халықты сапалы ауыз сумен қамту қарқыны туралы айтып берді.  

Су кодексіне сәйкес министрлік елді мекендердің шекарасына дейін сумен жабдықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы ұзындығы 15,5 мың шақырым болатын 74 топтық су құбырлары бар. 

Оның ішінде республикалық меншікте 13 мың шақырым құрайтын 37 топтық су құбырлары тіркелген. Олар жалпы 1,1 адамы бар 608 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдар аралығында тиісті қаржы бөлініп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар топтық су құбырлары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. 

Атап айтсақ, 2019 жылы Павлодар облысындағы Май, Беловод және Қарағанды облысындағы Жәйрем-Қаражал топтық су құбырлары пайдалануға берілді.

Ал 2020 жылы Алматы облысындағы Қаскелең, Қызылорда облысындағы Талап және Жиделі, Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов - екінші кезек, Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты топтық су құбырлары бойынша барлық жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.   

«Нәтижесінде бұған дейін сапалы суы болмаған 37 ауылдық елді мекен бойынша жаңадан су құбырлары салынып, 46 мыңға жуық тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі», — деді министр.

Сонымен қоса, бір қала мен 39 ауылдық елді мекеннің ескі су беру жүйесі қайта жөндеуден өтіп, ауыз судың сапасы артады. Өз кезегінде, бұл 286,7 мың тұрғынды қамтиды. 

Сонымен қоса, 2020 жылы 3  топтық су құбырының құрылысы басталды. Олар жаңадан салынып жатқан Ақмола облысындағы Макинск пен Ақтөбе облысындағы Жаныс би топтық су құбырлары. Және Қарағанды облысындағы Есқұла топтық су құбырының жаңа бөлігі салынуда. Аталған топтық су құбырлары 2021 жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. 

«Нәтижесінде 3 ауылдық елді мекенде тұратын 1,3 мың адам үшін сапалы ауыз су қолжетімді болады. Сонымен қатар, 3 қаланы сумен қамтамасыз ететін құбырлары жаңартылады. Яғни, 94 мың тұрғын үшін берілетін ауыз судың сапасы жақсарады», — деді М. Мырзағалиев.

Министр жоспар бойынша 2025 жылға дейін 11 топтық су құбырлары қайта жаңартылып, жөнделетінін айтты. Оның ішінде, бірқатар су құбырлары ұзартылады. 

«Осының арқасында бұған дейін сапалы суы болмаған 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл 103,7 мыңға жуық адамды қамтиды. Сонымен қоса, 321 ауылдық елді мекеннің ауыз су беру жүйесі жаңартылатын болады. Бұл, өз кезегінде 524,6 мың адамды қамтиды», — деді министр.

Жалпы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін топтық су құбырлары жобаларына 133,1 млрд астам теңге қаражат бөлу жоспарда бар. Оның ішінде жаңадан салуға 14,5 млрд теңге, ал қайта жаңартуға 118,6 млрд теңге бөлінбек. 

«Осының есебінен алдағы бес жылда жаңадан 1469 шақырым құбыр желілері салынады және 1724 шақырымы қайта жаңартылып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді М. Мырзағалиев.

Атқарылатын жұмыстардың арқасында бұрын ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 90 ауылдық елді мекенге су құбыры жеткізіліп, 105 мың тұрғынға сапалы ауыз су қолжетімді болады. 

Сонымен қатар, 321 елді мекеннің ауыз су беру жүйесі жөнделіп, жаңартылады. Бұл 524,6 мыңнан астам адамды қамтиды. 

Жалпы, 5 жыл ішінде 3 мыңнан астам шақырым топтық су құбарлары салынады. Ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 100% пайызға жеткізу жоспарланған. 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов облыста 352 ауылдан 141 АЕМ немесе 40%-ы үшін орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімді екенін хабарлады.

Өз кезегінде, өңірде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары 2 бағытта жүргізілуде:

Біріншіден, ірі су құбырларының құрылысы. Биыл 16,9 млрд теңге сомасына ұзындығы 605 км болатын 56 жоба іске асырылуда. А. ж. қолжетімділік көрсеткіші 50%-ға дейін артады. 

«Келесі жылы 10,1 млрд теңге сомасына 42 жобаны іске асыру және қолжетімділік көрсеткішін 58%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмысты 2022-2023 жылдары жалғастыруды жоспарлап отырмыз», — деді әкім.

Екіншіден, халық саны 200 адамнан аз болатын ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыстық бюджет есебінен КБМ (кешенді блок-модуль) орнату арқылы шешілетін болады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қаңтар 2021, 11:05
Қанат Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
26 Қаңтар 2021, 16:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
26 Қаңтар 2021, 13:45
Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектердің бағасы 27%-ға төмендеді — А. Цой
26 Қаңтар 2021, 13:05
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Президент Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
26 Қаңтар 2021, 13:01
Әрбір ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықты орындауға бағытталуы тиіс — Қ. Келімбетов
26 Қаңтар 2021, 12:36
ҚР БҚДА бәсекелестікті дамыту жолындағы 58 жүйелік кедергіні анықтады — С. Жұманғарин
26 Қаңтар 2021, 12:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк 10,9% деңгейінде зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз етті —  Е. Досаев
25 Қаңтар 2021, 23:27
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
25 Қаңтар 2021, 12:54
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.