Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 

Бейсенбі, 21 Қазан 2021, 16:02:53

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақтөбе және Атырау облыстарына жұмыс сапары аясында «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолын реконструкциялау барысын тексерді.

Автожолдың жалпы ұзындығы 897 шақырымды құрайды, оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша – 311 км, Атырау облысы бойынша – 586 км. 2015 жылы «Атырау – Мақат» учаскесінің 164 шақырымы қайта салынды.

Қазіргі таңда «Ақтөбе – Қандыағаш», «Қандыағаш – Мақат», «Атырау – РФ шекарасы» учаскелеріндегі автожолдың 733 шақырымында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесі (96 км) 4 жолақты қозғалысы бар I санатты 78 км жолды және 2 жолақты қозғалысы бар II санатты Қандыағаш қаласын айналып өтетін 18 шақырым жолды қамтиды. Жыл соңына дейін мұнда 18 шақырымды жаңа жол төсемімен қамтамасыз ету жоспарланған.

«Қандыағаш – Мақат» учаскесінде (360 км) асфальтбетон төсеу және жолды абаттандыру бойынша соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2021 жылы жаңа жабынмен учаскенің барлық ұзындығы бойынша қозғалысты толық қамтамасыз ету көзделген. Бұл ретте Ақтөбе қаласынан Атырау қаласына дейінгі жол екі есе қысқарады – бұрын Ақтөбе-Атырау учаскесінің қанағаттандырарлықсыз жай-күйіне байланысты жүргізушілерге көршілес өңірге Орал арқылы барып, қосымша 500 шақырымға жуық жол жүруге тура келетін.

Жалпы ұзындығы 277 шақырымға созылатын «Атырау – РФ шекарасы» учаскесі (Астрахань қаласы бағытында) 1970 жылдары осіне 8 тонна жүктемемен салынған III санаттағы республикалық маңызы бар жол болып табылады. Ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлап кеткен.

Қайта жөндеу нәтижесінде жыл соңына дейін 92 шақырым жолда қозғалыс қамтамасыз етіледі, қалған 185 шақырым жолда жер төсемі төселіп, жол төсемінің, көпірлер мен құбырлардың құрылымдық қабаттары салынып жатыр. Жұмыстарды 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

2021 жылы Қазақстанда 8,4 мың шақырым автожол, оның ішінде республикалық маңызы бар 5 мың шақырым, жергілікті желі 3,4 мың шақырым жол құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Жол-құрылыс жұмыстарына 200 мыңға жуық адам тартылған. Биыл елімізде 5,1 мың шақырым жолда жұмыстар аяқталатын болады. Қалған жұмыс көлемі ауыспалы және 2022 жылы орындалады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
10 Қараша 2021, 11:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №786 Қаулысы
10 Қараша 2021, 11:20
Қазақстанда соңғы екі айда коронавируспен сырқаттанушылық 3,4 есе азайды — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.